Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Абай облысында 40 мың жас домбырашы «Күй күмбірі» челленджіне қатысты

21-03-2024, 12:00 Мадина Айдарова

Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық оқушы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т.б. күйлерін орындады. 

Семей қаласы Т. Аманов атындағы №16 мектебі 2-8 сыныптың 60-ға жуық оқушысы Құрманғазының «Айжан қыз», «Ерке сылқым» күйлерін домбырада орындады. Ал Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының 1-9 сынып оқушылары «Салкүрең» күйін орындады.

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, еліміздегі челлендждің ең кішкентай қатысушылары Абай облысының балалары - Семей қаласының «Бақыт» шағын орталығының тәрбиеленушілері болды. 

Домбырашылар челленджі - бұл 2023 жылы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз қарсаңындағы бастау алатын кең ауқымды республикалық акция.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив