Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Абай облысының орталығында шахмат чемпионаты өтті

21-03-2024, 16:41 Мадина Айдарова

Бүгін Семей қаласында «Абай облысының шахмат федерациясы» ҚБ спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығымен бірлесіп, Наурыз мерекесіне арналған Абай облысының чемпионатын өткізді.

Оған классикалық, жылдам және өте жылдам санаттарымен 110-нан астам адам қатысты. Шахмат турнирін салтанатты ашылу салтанантына Абай облысы бойынша шахмат федерациясының басшысы, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та қатысты.

«Семей қаласының әкімдігі Шахмат ойындарының дамуына әрқашан қолдау білдіруге әзір. Шахмат ойыны – адамның ақыл-ой ұшқырлығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға, тапқырлық пен жылдам шешім қабылдауға ынталандыратын спорт түрі. Қазіргі қоғам интеллекті жоғары, терең ойлы азаматтарды қажет етеді»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив