Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Абай облысының әкімі Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

22-03-2024, 09:00 018.kz

Қымбатты жерлестер!

Ізгілік пен мейірімге, жасампаздық пен жаңаруға бастайтын – Ұлыстың Ұлы күні баршамызға құтты болсын!

Наурыз – Отанымызды мекендейтін ұлт пен ұлысқа ортақ. Бұл біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, ең құнды дәстүрлерімізді, тілек пен үміттерімізді жаңғыртатын мереке.

Халқымызда «Береке бастауы - бірлік» деген ұлағатты сөз бар. Кең пейілімен,  кіршіксіз таза ниетімен достық құшағын жая білген Қазақстан – таулық пен бейбітшіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Біздің мақсат – барды бағалап, ауызбіршілігімізді сақтап, елімізді өркендеуіне үлес қосу. 

Елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі құтты болсын! 

Халқымыздың береке-бірлігі артып, мерейіміз үстем болсын. Әз-Наурыз әр шаңыраққа молшылық пен құт әкелсін.

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметпен, 


Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив