Абай өңірі Наурыз мейрамын айрықша атап өтуде
Абай облысында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіліп жатыр. Мейрамға арнайы құрылған бағдарламада: ұлттық ойындарға, түрлі қойылымдар, концерттер және т.б. өңірде бұрын-соңды болмаған іс-шаралар бар.
Семейде Наурызды атап өтудің айрықша белгісі елдің тарихи тұлғаларының мерейтойларына арналған кигіз үйлерден арнайы ауылдар тігілді. Мысалы, «Кенен Әзірбаевқа 140 жыл», «Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл», «Ілияс Жансүгіровке 130 жыл», «Әбілхан Қастеевке 120 жыл», «Әлкей Марғұланға 120 жыл», «Шәкен Аймановқа 120 жыл», «Бердібек Соқбақпаевқа 100 жыл», «Рахымжан Қошқарбаевқа 100 жыл», «100 Әбдіжамал Нұрпейісовке 100 жыл», «Тұрар Рысқұловқа 130 жыл», «Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл», «Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл», «Сәкен Сейфуллинге 130 жыл».
Бұдан бөлек облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарына арнап былғары зауыты, Қарағайлы шағынауданында, Әуезов алаңы, теміржол вокзалы алдында театрландырылған қойылымдар қойылады. Қалада барлығы 30 киіз үй тігілді.
Сонымен қатар, орталық алаңда қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, балалар ұлттық ойын сайыстарында бақ сынасты.
Айта кетсек, Наурыз мейрамын Абай облысында кең көлемде атап өту жалғаса береді. Арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес өңірдің қала және аудандарында іс-шаралар айдың аяғына дейін ұйымдастырылады.