Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әз-Наурыз мейрамына орай Семей қаласында 30-ға жуық ақшаңқан киіз үйлер тігілді

22-03-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жоғары дәрежеде тойланып жатыр. Қаланың әртүрлі бөліктерінде 30-ға жуық киіз үйлер тігілді.

Бұл жолғы Наурыз мейрамын тойлаудың  бір ерекшелігі, әртүрлі тақырыптарды арқау ететін импровизацияланған ауылдар ұлттық салт-дәстүрлер бойынша өнер көрсетеді. Еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған ауылдар болады. Семей қаласының орталық алаңында “Кенен Әзірбаевқа 140 жыл”, “Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл”, “Ілияс Жансүгіровке 130 жыл”, “Әбілхан Қастеевке 120 жыл”, “Әлкей Марғұланға 120 жыл”, “Шәкен Аймановқа 120 жыл”, “Бердібек Соқбақпаевқа 100 жыл”, “Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл”, “Әбдіжамал Нұрпейсовке 100 жыл, “Тұрар Рұсқұловқа 130 жыл”, “Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл”, “Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл”, “Сәкен Сейфуллинге 130 жыл” сынды тақырыптық киіз үйлер қойылған.  Сондай-ақ, тері- былғары зауыты алдында, Қарағайлы шағын ауданында, “Asima” сауда үйінің алдында, Әуезов алаңы,Теміржолшылар ауылдары киіз үйдің алдында театрландырылған қойылымдар қойып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынды.  

Семей қаласы тұрғындарының Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамын тойлауға деген көңіл күйлері көтеріңкі. Семей қаласының Орталық алаңына шамамен 8000-нан астам қала тұрғындары жиналған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив