Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

«Наурыз аруы-2024» қалалық байқауы өтті

19-03-2024, 17:12 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың 19 наурыз күні қалалық Мәдениет сарайының сахнасында «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен және «Семей» мәдени-бос уақыт орталығының» әкімшілігі қолдауымен, «Наурыз мейрамын» мерекелеу аясында, «Наурыз аруы-2024» қалалық байқауы өтті. 

Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру, дәстүр мен әдет-ғұрыптарға деген сүйіспеншілік пен сыйластықты, қарапайымдылықты, өнерге, сахналық мәдениетке деген қызығушылықты тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Жарысқа 12-15 жас аралығындағы қыз балалар қатысты. Шара барысында қатысушылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, үй тапсырмаларын орындап, сәнді киім үлгілері дефилесін көрсетті.

Байқау барысының әрбір кезеңі арасында көрермендер мен жанкүйерлерге концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив