Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары қаралды
Абай облысы әкімдігінде әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия өкілдері, облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері, сондай-ақ кәсіпорын басшылары қатысты.
Жиында облыс кәсіпорындарындағы зейнетақы аударымдары бойынша берешекті өтеу жөнінде қабылданатын шаралар, инфляция деңгейінен төмен емес жалақыны индекстеу, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметкерлеріне орташа республикалық көрсеткіштен төмен емес жалақыны қамтамасыз ету туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, құрылыс және өнеркәсіптік объектілерде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өлім-жітімді азайту шаралары қаралды.
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар берілді. Облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті азайту жөнінде шаралар қабылдау және облыстың білім және денсаулық сақтау басқармаларына бағынысты мекемелерде әлеуметтік аударымдарды есептеу бойынша семинарлар өткізу кестесін әзірлеу тапсырылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментіне «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты» бұлжытпай орындау мақсатында өндірістік бақылауды күшейту және қатаң бақылау жүктелді.
Отырыс қорытындысымен тиісті хаттамалар дайындалады. Барлық мәселелер облыс әкімінің жеке бақылауында.