Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
Бүгін құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ұйымдастыруымен Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Семей қаласының полиция басқармасының бастығы, қалалық прокуратураның өкілі мен жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Комиссия отырысы барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу шаралары туралы мәселелер қаралды. Қарастырылған мәселелер бойынша құзыретті органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді.