Семейде 15 сәуірден бастап масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары басталады
15.04.2024 жылы Семей қаласының су айдындарының аумағы бойынша мониторингке сәйкес дернәсілдер сатысында масаларды дезинсекциялау және жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады. Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюіне жол бермеу үшін қалада дезинсекциялық жұмыстың 5 кезеңі жүргізіледі. Бұл жұмыстар күз мезгіліне дейін жалғасатындығын хабарлаймыз.
Жалпы дизенсекция иесіз су қоймаларында және таяз суларда жүргізіледі. Қала бойынша жалпы өңделетін алаң шамамен 500 гектарды құрайды.
Дезинсекциялық іс-шараларды Семей қаласының ТКШ бөлімі жауапты, таяз су айдындары мен сулы-батпақты жерлерді өңдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, дезбригадалар ашық учаскелерде, орамішілік аумақта, көшелерде жұмыс істейді. Дезинсекция кезінде адамдардың жаппай демалатын жерлеріне – саябақтарға, скверлерге, жағалауға және т. б. ерекше назар аударылады.
Айта кету керек, бұл шаралар қаладағы жәндіктердің санын едәуір азайтуға көмектеседі, бірақ олар экожүйенің бөлігі болып табылатын масалардың популяциясын толығымен жоя алмайды.
Бұл іс-шаралар азаматтар үшін қауіпсіз болып саналады.