Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде жәндіктерді улаудың екінші кезеңі басталды

11-05-2023, 09:53 Думан Кенжеғазыұлы

Қолайлы ауа райына байланысты Семей қаласының ТҮКШ бөлімі «BioFarmkz» ЖШС-пен бірлесіп, аумақты өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында қаланың барлық ауданында дезинсекциялық жұмыстың екінші кезеңі басталды. Қазіргі таңда жұмыстар «Бейбітшілік» аралы, кіші Ақтөбе, Холодный ключ, Красный Кордон, Ертіс өзенінің жағалауы, Наркодиспансер ауданы, Казкрай аудандарында толығымен жүргізілді.

Семейдің  барлық аудандарында таяз су қоймалары мен батпақты жерлер өңделді. Осыған орай, ашық стацияларды, кварталішілік аумақ, көшелер, саябақтар, гүлзарлар, елді мекендер және т. б. өңдеу басталды. Атап айтқанда, Әуезов алаңы, Орталық саябақ, Казкрай, Восточный, Жеңіс саябағы, Энергетик шағын ауданы, Цементшілер кентінде дезинсекция жұмыстары жүргізілді. Масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды, бірақ бұл шаралар олардың санын анағұрлым азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Барлық өңдеу 3 тур бойынша өтеді. Қала  тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмысқа 20-дан астам дезинфектор, биолог-энтомолог, моторлы-ранцты бүріккіш, термогенератор, дезинфекциялық машина жұмылдырылды.

Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар, адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі жоқ инсектицидтер қолданылады. Бұл препараттар Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат берілген тізілімге енгізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив