Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Қала басшысы Цементішілер кентіне барды

2-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Қазіргі таңда қала әкімі әр күн сайын тұрақты түрде қаланың санитарлық тазалығы бойынша кәсіпорын басшыларымен қаланы жаяу аралау жұмыстарын жүргізуде. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Цемент кентіндегі Строительный, Глинки, Спартака, Галето, Физкультурная және базар маңын аралады.

Семей қаласының әкімдігі 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында қалада санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Осыған байланысты, қала басшысы тиісті кәсіпорындарға тазалық акциясы кезінде аумақты түгел тазалауды тапсырды.

«Осы сенбіден бастап әр мекеме ұжымдары, әрбір бизнес нысаны, көп қабатты үйлер тұрғындары өз аумақтарын тазалауға тиіс. Базар маңындағы қоқыстарды базар әкімшілігі дереу тазартуы керек. Бизнес обьектлеріне аумақты ретке келтіру бойынша тиісті хабарлама жолдаңыздар»,- деді қала әкімі Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив