Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үржар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

5-04-2024, 09:21 Мадина Айдарова

Ауданда дүкен иелеріне азық-түліктің негізгі 19 түріне белгіленген бағадан 10-15%-дан аспайтын үстеме сақтау жайлы түсіндірілді, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы шараның аясында 169 ( оның ішінде 153 азық-түлік дүкені, 12 наубайхана, 1 диірмен, 1 сүт өңдеу орталығы және 1 шағын май тарту зауыты) өзара келісім туралы меморандумдар жасалды.

Бағаны бақылауда ұстап үйлестіру үшін аудан әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, барлық сауда дүкендеріне жауапты болып бекітілді.

2024 жылдың басынан бастап жұмыс тобы 415 мониторинг жүргізген. Нәтижесінде тек 2 заң бұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, картоп пен көкөністердің бағасын тұрақтандыру үшін шалғайдағы елді мекендерге уақытша тұрақтандыру қорынан қолжетімді бағамен өнім жеткізу ұйымдастырылды. Бұл өнімдер әр сенбі сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде сатылады.

Анықтама: Үржар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрін сататын 153 дүкен қызмет көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив