Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Семей әкімдігі тазалық науқанына байланысты байқау жариялады

5-04-2024, 16:31 018.kz

Сенбіліктегі ең үздік селфи конкурсын жариялаймыз #ТазаСемей2024

Сенбіліктегі креативті және қызықты фотосуреттермен #ТазаСемей2024 хэштегі арқылы бөлісіңіздер!

Байқауға қаланың барлық мекемелері, кәсіпорындары, сондай-ақ кез келген жастағы қала тұрғындары қатыса алады.

Мақсаты: жасөспірімдерді, жастарды, ұйымдарды әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту; қала аулаларын, саябақтарын, көшелерін санитарлық тазалау.

Конкурсқа қатысу үшін:

1. Сенбілік қатысушысының селфи суреті (сыпырғыштар, жұмыс киімі және т.б.).

2. Осы тақырыптағы суретті Instagram желісінде өз аккаунтында және сторисқа жариялау.

3. @semey_akimdigi парақшасын белгілеу.

Фотосуреттерге қойылатын талаптар:

1. Фотосурет сапалы болуы керек.

2. Суретте тек конкурсқа қатысушы немесе ұжым болуы тиіс.

Әр апта сайын @semey_akimdigi парақшасында үздік суреттерді жариялаймыз.

Байқау соңында жеңімпаздар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив