Ертіс өзеніндегі көктемгі су жіберулер
📍Ертіс өзенінің су ағынын реттеу Ертіс су қоймаларының каскадын пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Көктемгі табиғатты қорғау үшін су жіберулер жыл сайын Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүргізіледі.
📍Табиғатты қорғау үшін су жіберу кестесі Қазгидромет РМК Үлбі және Уба өзендеріндегі көктемгі су тасқыны болжамдары негізінде Бұқтырма су қоймасындағы су қорларын ескере отырып, ВАК отырысында алқалы түрде бекітіледі.
📍08.04.2024 жылғы жағдай бойынша Шүлбі су қоймасының ағыны 1389 м3/с құрайды, су қоймасынан өзенге су ағызу 1525 м3/с құрайды.
Бүгінгі таңда жағдай тұрақты.
📍Су жібері табиғатты қорғау үшін ағызылатын ағындарының кестесіне сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі, осыған байланысты өзендегі су деңгейінің жоспарлы түрде жоғарылауы байқалатын болады.
📍Суды қауіпсіз ағызу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда.
❗Осыған байланысты, Семей қаласының ТЖ Басқармасы келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
♦️- сумен кесілген және көмекке мұқтаж адамдарды уақтылы анықтауға құтқарушыларға мүмкіндік беретін шаралар қабылдау;
♦️- тәуліктің күндізгі уақытында - сүлгіні жоғары жерге іліңіз (мысалы, ақ немесе түрлі-түсті);
♦️- тәуліктің қараңғы уақытында - жарық сигналдарын беріңіз (от жағыңыз, фонарь жағыңыз, фонарьмен сигнал беріңіз);
♦️- су арқылы өзін-өзі эвакуациялау үшін түрлі жүзу құралдарын (қайықтар, катерлер, бөренелерден және басқа да қалқымалы материалдардан жасалған салдар, бөшкелер, қалқандар, есіктер, ағаш қоршаулардың сынықтары, бағаналар, автомобиль камералары және т. б.) қолдану керек;
♦️- қолдағы бар құралдардың көмегімен суға секіру құтқарылуға үміт үзілген кезде, суға секіру тек соңғы мүмкіндік ретінде болғанда ғана мүмкін болады.
❗Кез-келген жағдайда ашуланбаңыз, үрейленбеңіз, жылдам әрекет жасаңыз, бірақ әбігер тудырмаңыз және өзіңізге сенімді болыңыз
❗Төтенше жағдайлар туындағанда – «101», «112» номерлеріне дереу қоңырау шалыңыз!
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚазақстанда 2030 жылға қарай суармалы жер көлемі 2,5 млн гектарға дейін кеңейтілмек