Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
460.13 532.6 5.42

Мақаншы ауданында 140 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатыр

12-04-2024, 09:45 Мадина Айдарова

«Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында Мақаншы ауылына 140 орындық балабақша салынуда. Ғимарат екі қабатты.

Балабақша пайдалануға берілісімен 6 топ жұмыс жасайтын болады. Олардың екеуі кіші және орта жастағы балалар үшін әрқайсы 22 орыннан, 24 орыннан үлкен балаларға арналған 2 топ, сондай-ақ мектепке дейінгі дайындық тобына келушілер үшін 48 балаға арналған мектепке дейінгі 2 топ.

Жаңа балабақша бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беруге қажетті заманауи жабдықтармен және ойын алаңдарымен қамтамасыз етіледі.

Балабақшаның орналасқан жері – Сағымбеков көшесі, 84Б.

Айта кетейік, бұл жоба ауылдағы мектепке дейінгі мекемелердің жүктемесін азайтып, кезекті тұрған балаларды қамтуға мүмкіндік береді.

Анықтама: Мақаншы ауылында 13 мыңнан астам тұрғын тұрады. Ауылдық округте жалпы саны 1 жекеменшік, мектеп жанынан ашылған 3 шағын орталық жұмыс істейді. Қазіргі таңда елді мекенде 2-6 жас аралығындағы 326 бала балабақша кезегінде тұр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив