Бесқарағай жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шара өткізді
Бесқарағай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан орталығында «Таза өлке» атты сенбілік өтті. Игі бастамаға ауданымыздың жастары белсенді қатысуда.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудару көзделген.
Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға бағытталған акцияға 50-ге жуық белсенді жастар қатысты. Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақ аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, талдардың түптерін әктеу шаралары да қоса қамтылды.
Бүгінде қоғамда экологиялық мәдениеттің қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр жастардың қатары аз емес. Олар айтулы акция аясында түрлі бастамаларды жүзеге асырады деп күтіліп отыр.
Акция аясында орталық стадион тазаланып. 1000 ға жуық ағаш түптері әктелді.