Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Құстарға үй сыйлайық» шарасы өтті

13-04-2024, 13:31 Мадина Айдарова

Акцияға 150-ге жуық оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, көру қабілеті нашар адамдарға арналған интернаттың тәрбиеленушілері, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ облыстық балалар биологиялық орталығының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара аясында құс үйлерін дайындау бойынша шеберлік сағаты өтіп, құстарға арналған 80 үй дайындалды.

Акцияға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовта қатысты. Қала басшысы іс-шараға қатысушыларды қолдап қана қоймай, жас оқушыларға ұя салатын қораптарды қалай дұрыс бекіту керектігін айтып көмектесті.

«Аталған жоба балаларымыздың құс ұясын қалай жасау керектігін білуі үшін жүзеге асырылады. Бұл балаларға табиғатты қорғауды, басқа адамдардың еңбегін құрметтеуді үйренуге көмектеседі», - деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, қала әкімі мұндай іс-шаралар тек дәстүрге ғана емес, халқымыздың жүрегіне жылу ұялату үшін тұрақты негізде жүзеге асырылатынын айтты.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив