Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Облыста «Киелі мекен» акциясы жалғасуда

16-04-2024, 19:16 Мадина Айдарова

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс аумағындағы ескерткіштер, саябақтар, киелі орындарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Бесқарағай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінінің құрметіне салынған 18 саябақ, 4 ескерткіш және 48 демалыс саябағы тазартылды. Бұл жұмысқа барлығы 3 000 тұрғын, 18 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай ауданының Қарауыл ауылында да жаппай сенбілік өтті. Оған 300-ден астам мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

6 техника жұмылдырылдырылған сенбілікте 30 тонна қоқыс жиналып, 19 саябақ пен ескерткіштер тазартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив