Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

22-04-2024, 16:00 Мадина Айдарова

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды шығаруға көмектесті.

Бұл ретте су шайып кеткен жолдарға жөндеу жүргізілді. Мәселен, Көкпекті-Биғаш ауылдары арасындағы облыстық маңызы бар жолды ағымдағы жөндеуге 13 бірлік техника мен 18 адам жұмылдырылған. Су айдындарына 160 тонна тас және 120 тонна құм-қиыршық тас қоспасы жұмсалып, тегістеу  жүргізілді.

Көкпекті ауданының әкімдігі «Семей орманы» МОТР филиалының күштерімен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 22 сәуірде Көкпекті ауылындағы Ауған соғысы ардагерлерінің спорт алаңында ағаш отырғызды.  Оған студенттер, аудан тұрғындары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Акция барысында барлығы 300-ге жуық көшет отырғызылды және тағы көшеттер отырғызу үшін арнайы орындар дайындалды.

Сондай-ақ жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын көшелер тазартылып, Абай, Қабанбай батыр, Абылай хан, Ұлы Дәлі елі көшелеріндегі бордюрлер сырланды.

Саяхимов, М.Әуезов, Ырғызбай көшелерінде де сенбіліктер ұйымдастырылып, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив