Абай облысы бойынша 224 оқушы «Алтын белгіге» үміткер
Биыл Абай облысы бойынша 4878 түлек мектеп бітіреді, оның ішінде ҰБТ тапсыратын балалар саны 4350. «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 224 оқушы болса, 443 оқушы үздік аттестатқа талпынғандар қатарында.
Бұл туралы Абай облыстық білім басқармасының 018.KZ – ABAI-AQPARAT порталына жолдаған мәліметінде айтылған.
Еліміз бойынша, ҰБТ 2024 жылдың 16 мамыр -5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ-ға қатысушы талапкердің өзімен бірге төмендегідей құжаттары болуы тиіс:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- 16 жасқа толмағандардың жеке куәлігі жоқ болса, мектеп мөрімен, директорының қолымен бекітілген анықтама және туу туралы куәлік болу қажет.
Ескертпе: тестілеуші жеке куәлігін ұмытып кеткен жағдайда, eGov mobile қосымшасындағы жеке куәлігін электронды түрде ұсынуға болады.
Облыс бойынша қаңтар айында 3 мыңнан астам, наурыз айында 4 мыңға жуық түлек қатысқан.
Жалпы тест тапсыру уақыты- 4 сағат (240 минут), 5 пән
Тапсырмалар саны ҰБТ - 2024 өзгеріссіз қалады - 120, оның ішінде:
Негізгі тапсыру пәндері
- «Қазақстан тарихы» бойынша 20 тапсырма, шекті балл-5;
- «оқу сауаттылығы» бойынша 10 тапсырма, шекті балл-3;
- «математикалық сауаттылық» бойынша 10 тапсырма, шекті балл-3.
Өз еркімен таңдайды:
- екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан, шекті балл-3 баллдан.
Таңдау пәндері: 40 тапсырма – 50 балл, оның ішінде:
- бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар – 25 сұрақ;
- контекст-5 сұрақ;
- бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тапсырмалар (2 балл) -5 сұрақ;
- сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар (2 балл) -5 сұрақ.
Маңызды өзгеріс міндетті пәндер бойынша тапсырмалар санын азайтуға қатысты.
2024 жылы «оқу сауаттылығы» және «математикалық сауаттылық» 5 сұраққа қысқартылды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл өзгерістер тест тапсырмаларының сапасын және олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігін арттыруға бағытталған.
Абай облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, ҰБТ-ға қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» және «Химия-Биология» пәндерін таңдаған. Сонымен қатар, 12 пайызы «Математика-Информатика комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған пән – «Химия-Физика». Ең жоғары балл саны өзгеріссіз қалады - 140 балл.
Сондай-ақгрантқа түсу үшін түлектердің 2 мүмкіндіктері бар: мамыр- маусым айларында.
Ақылы оқу үшін 3 мүмкіндік: қантар, наурыз және тамыз айларында қарастырылған.
Жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл:
- ауыл шаруашылығы және биоресурстар, ветеринария (национальные ВУЗы) -60 балл;
- денсаулық сақтау-70 балл;
- құқық педагогикалық ғылымдар-75 балл;
- национальные ВУЗы-65 балл;
- другие ВУЗы-50 балл.
Әр жоғары оқу орны өз шекті балын белгілей алады.
Облыс мектептерінде тестке қатысушыны қолдау мақсатында дайындық үшін онлайн байқау сынақтары; тегін онлайн сабақтар; тест спецификасы; тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» бойынша 100 дата; «информатика» бойынша терминдер; «Қазақ әдебиеті» және «орыс әдебиеті» бойынша шығармалар дайындалды.
Сонымен қатар, тестілеу барысында: калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі; тақырыптық талдау; «Информатика» бойынша терминдердің аудармасын пайдалануға болады.