Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
443.72 482.28 4.9

Семей – озық идеялар ортасы

29-04-2024, 15:14 Сәтжан Қасымжанұлы

Семейде облыстың дарынды балалары, студенттері және жас мамандар бас қосып, шығармашылық ойларын ортаға салды. Арнайы ұйымдастырылған кездесуге Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев қатысты.

Жиынға халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері жиналды. 50-ге жуық мектеп оқушылары, 100-ден аса колледж студенттері мен жас ұстаздар қатысты.

Дөңгелек үстел форматындағы ашық диалог алаңында қатысушылар жаңашыл идеяларын және бизнес-жоспарларымен таныстырды. Экологиядан технологияға дейінгі өмірдің түрлі салаларын қамтитын бірқатар инновациялық жобалар, білім беру жүйесін дамытуға, инфраструктураны нығайтуға, сондай-ақ мәдени іс-шараларға бағытталған жұмыстар да қызықты көріністерімен ерекшеленді. Атап айтқанда, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін мобильді қосымша құру, этноауыл жобасын жүзеге асыратын түрлі ұлттық нақыштағы идеяны жүзеге асыру, сондай-ақ оқушылардың ғылым мен технологияға ынтасын арттыру үшін мектептерде робототехниканы дамыту болса, жас мамандар облыста ботаникалық бақ жасауға жол ашатын ұсыныстарымен бөлісті.

Жастар өңірдің жан-жақты дамып, көркеюіне өз үлестерін қосуға дайын екендерін айтты. Сонымен қатар басқарма басшысы талантты жастарды қолдауға және олардың инновациялық идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті көмек пен ресурстар ұсынылатынын жеткізді.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағанындай, кездесу барысында облыс колледждерінің студенттерімен  білім беруді дамытудың әртүрлі аспектілері талқыланды. Жақында аяқталған «WorldSkills Abai - 2024» өңірлік чемпионатынан алған әсерлерін айтып, іс-шараның техникалық ұйымдастырылуына көзқарастарын білдірді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай ауқымды деңгейдегі жарыстарға дайындықты жақсарту үшін құнды идеялар мен ұсыныстарын айтты.

Жиынға қатысқандардың бірі Alikhan Bokeikhan University Жастармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс департаментінің басшысы Диас Смағұловтың  айтуынша, мамыр айында жастар арасында «ABU Startup Weekend» байқауын өткізу жоспарланып отыр. Байқау жастардың әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдауға бағытталған байқау қаладағы экология саласындағы проблемаларды шешуге, өмір сапасы стандарттарын жетілдіруге тағы да басқа қажеттіліктерге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив