Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Семей мешітінде көрме залы қалай ашылды

28-02-2023, 09:51 018.kz

Семейде 1975 жылы ескі екі мұнаралы мешітте қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 

«Ертіс» газетінде «Ескі мешіттегі Вернисаж» атты мақала жарық көрді. Онда Ертіс бойындағы қала тағы бір мәдениет мекемесін алғаны айтылады. Екі мұнаралы мешіт ғимаратында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, содан кейін көрме залы ашылды. 

«Семейліктер бұл ғимаратты жақсы біледі. Бірте-бірте құрылыс жарамсыз бола бастады. Ақыры мешіт жабылды. Көптеген жылдар өткен соң, суретшілер ХІХ ғасырдағы сәулет ескерткішін қалпына келтіру үшін келді»,- делінген мақалада.

Мешітте реставрациялау жұмыстарын Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің ғылыми жөндеу-реставрациялау бірлестігі мамандарының ұжымы жүргізді. Сонымен, жөндеуден кейін мешітте қазақстандық авторлардың суреттері қойылған алғашқы көрме ашылды.  Олардың қатарында белгілі суретші Қ. Телжановтың «Ән салған» экспозициялық жұмысы да бар. 

Көрменің алғашқы күндерінде мешітке жүздеген қала тұрғындары барған. 

Руслан Шакабаев, 018.kz

Фото: В. Ивашевский, «Прииртышье» өлкетану қоғамы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив