Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Бесқарағай ауданының тұрғындары Қасиетті бұлақтың аумағын тазартты

7-05-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Глуховка ауылында сенбілік өтті. Сенбілікке бұлақтар мен айналаны қоқыстардан тазарту мақсатында 150-ден астам еріктілер қатысты.

Акция аясында қасиетті бұлақтың аумағында камералар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Қасиетті бұлақ – Бесқарағай ауданында орналасқан бұлақ. Туризм тұрғысынан бірегей және тартымды нысан Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің аумағында (Семей қаласынан 19 км қашықтықта) орналасқан. Бұлақтағы су қатты аязда да қатып қалмайды.

2003 жылы қасиетті бұлақ тарихында жаңашылдық пайда бола бастады – бұлақтың айналасында абаттандыру басталды. Онда жартасқа ыңғайлы түсу үшін баспалдақ жасалды. Шағын ағаш шіркеу де салынды. Қасиетті сумен жуынғаннан кейін адам оң энергия толы болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив