Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

«AGROSKILLS-2024» облыстық байқауы қорытындыланды

17-05-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Байқау «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь», «Фермерлік шаруашылық» және «Ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану» құзыреттері бойынша өткізілді.

Кәсіби байқауда 6 ауылдық колледжден 26 қатысушы бақ сынады. Олар 4 модуль бойынша 8 жұмыс алаңында кәсіби шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың жұмыстарын 24 сарапшы бағалады.

Кәсіби шеберлік конкурсының нәтижесі бойынша 18 жеңімпаз анықталды: 4 алтын, 7 күміс, 7 қола. Жалпы командалық есепте І орынды Ақсуат колледжі (2 алтын, 2 күміс) иеленді, ІІ орынды Жарма технология колледжі (1 алтын, 2 күміс, 3 қола) жеңіп алса, жүлделі ІІІ орынмен Бесқарағай колледжі (1 алтын, 1 күміс) марапатталды.

Анықтама үшін: биыл байқау облыста екінші рет ұйымдастырылды. Іс-шара ауыл шаруашылығы мамандықтарын дәріптеуге, студенттердің дайындық деңгейін бағалауға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив