Абай облысы Көкпекті ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Аудан орталығы Көкпекті ауылында абаттандыру науқанына 200-ден астам адам қатысты. Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелер аумақты қоқыстан тазартып, қоршауларды сырлап, гүлдер отырғызды.
Ауданның басқа да елді мекендерінде осындай жұмыстар жүргізіліп, гүл отырғызуға баса назар аударылды.
Саябақтар мен ойын алаңдары да назардан тыс қалмады. Демалыс орындарында гүлдер отырғызылып, орындықтар мен балалардың ойын жабдықтары ретке келтірілді.
Акция аясында 24 тонна қоқыс шығарылып, 5 мыңнан астам гүл отырғызылды. Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 7 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысып, 500 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 4 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Ауыл тұрғыны Слямғазы Зейнуллин атап өткендей, Көкпекті ауылын абаттандыру жұмыстары назардан тыс қалмайды.