Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
471.46 504.79 5.53

Қала әкімі Қайым Мұхамедханов көшесіндегі бизнес-нысандардың басшыларымен кездесті

7-06-2024, 09:21 018.kz

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов кеңселері Қайым Мұхамедханов көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың басшыларымен кездесті. Қазіргі уақытта ЦУМ базарының алдындағы ретсіз тұрақ жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудыруда. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жарнамалар, ретсіз қойылған дүңгіршектер қаланың сыртқы келбетіне кері әсерін тигізуде.

"Қаланы ретке келтіру керек. Біз эскиз бойынша ережелер әзірледік, оған сәйкес қалада сыртқы жарнама бойынша регламент бекітіледі. Облыс орталығындағы барлық бизнес нысандарының сыртқы жарнамасын ретке келтіру мақсатында жұмыстарды жалғастырамыз. Дүкендерде ілінетін барлық эскиздер сәулет және қала құрылысы бөлімінің рұқсатымен біркелкі орналастырылуы керек. Қаланың келбетін жақсартуға бағытталған барлық жұмыс менің қатаң бақылауыма алынады. Тек осылай ғана біз облыс орталығының сыртқы келбетін жақсарта аламыз", - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Семей қаласында 5000-ға жуық дүкендер мен сауда орындары бар. Бірақ басым бөлімінің санитарлық жай-күйі мен қасбеті стандарттарға сай емес.

Барша бизнес нысандарының басшыларына, өзіңізге тиесілі учаскені абаттандырып, нысанның қасбетін ретке келтіруді сұраймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив