Қала әкімі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерді аралады
Қазіргі таңда аулаішілік жолдарға асфальт салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аулаішілік жолдарды асфальттау жұмыстары қазіргі таңда Абай 111, 20 квартал 5,6,7, Селевина 12,14, Ауезов 39 мекенжайларында жүргізілуде. Сондай-ақ, қала басшысы асфальт төсемінің бірінші жабынын аяқталған Юность, Галето көшелерінде болды.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын тұрақты түрде жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуде. Бүгін Нұрбол Нұрсағатов аталған көшелерге барып, жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігер ұйымның басшылары қала әкіміне құрылыстың жағдайын баяндады.
Өз кезегінде қала әкімі тиісті тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, биыл Семейде 36 км болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.