Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.23 534.96 5.16

Ақсуат ауданында шегірткеге қарсы күрес басталды

11-06-2024, 16:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі күні Құмкөл ауылдық округіне қарасты 1500 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Химиялық өңдеу жұмыстарын Шымкент қаласынан «Бағжан»ЖШС жүргізуде. Зиянкес итальян прусі шегірткелеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Ойшілік ауылдық округінің Көкбастау, Айнабастау елді мекендерінің 1500 га жайылымдық жерлеріне де жасалады.

Сонымен қатар, аптаның соңына қарай Қызылкесік ауылдық округінің Үштөбе елді мекенінің 1360 га жайылымдық жерлеріне саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі күні химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін компания Аягөз ауданының жерлерінде саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аягөз ауданының жерлерін болған соң кестеге сәйкес Қызылкесік ауылдық округінің Үштөбе ауылының елді мекен жайылымдық жерлеріне жасайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив