Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр
Бесқарағай ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.. Құрылысқа 91 адам жұмылдырылған.
Мектеп үш ғимараттан тұрады. Оқушыларға арналған демалыс орындары бар. Екі қабаттан тұратын білім ошағы 300 оқушыға арналған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 35%-ға аяқталған.
«Жайлы мектеп» жобасы – оқушыларды жаңа форматтағы мектепте оқыту үшін барлық жағдайды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде ауданда білім беру сапасын арттырады.
Биыл облысымызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы 6 мектептің құрылысы бар: (Семей қаласының Ақсай кентінде 600 орын, Восточный (оң) кентінде 300 орын, Қарағайлы шағын ауданында 900 орын, Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде 300 орын, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орын, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орын).