Қуаныш Қасенов «Силикат» ЖШС ұжымымен кездесті
«AMANAT» партиясынан Абай облыстық мәслихатының №5 бір мандаттық округі бойынша депутаттыққа кандидат Қуаныш Қасенов «Силикат» ЖШС ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат науқанын өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айттып, басым бағыттарды түсіндірді.
«Силикат» ЖШС - силикат кірпіш шығаратын кәсіпорындар арасында Қазақстан Республикасының флагманы болып табылады. Кәсіпорын құрылған сәттен бастап 500 мыңнан астам халқы бар қаламен салыстыруға болатын кірпіш саны шығарылды. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 60 млн. дана силикат кірпіш. «Силикат» ЖШС өнімін дайындау неміс өндірушілерінің соңғы буынының жаңа жабдықтарында жүргізіледі. Бұл кірпіштің мінсіз геометриясына сәйкес келуге мүмкіндік береді. Кірпіштің сапасы кірпіш, тастар, блоктар және аралық силикатты тақталар 379-2015 мемлекетаралық стандартына сәйкес келеді. Шығарылатын өнімнің маркасы 150-200, аязға төзімділігі 50 цикл. Бір кірпіштің салмағы - 4,7-4,8 кг. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің тұрақтылығы жыл сайын жаңартылатын сапа сертификаттарымен расталады, олар «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Құрылыс материалдары мен конструкцияларын сынау орталығы жүргізген сынақ нәтижелері бойынша беріледі.
Алғашқы іргетасы 1958 жылы қаланған «Силикат» зауыты күні бүгінге дейін жұмысын үздіксіз атқарып келе жатқан өңірдегі беделді кәсіпорнына айналды.
Кандидат Қуаныш Қасенов алдағы уақытта кәсіпорнында еңбек күшін арттырып, олардың жалақы мөлшерін өсіруге атсалысуды көздеп отыр.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.