Семейде қаланың жаңа бас жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді
Бас жоспардың болжамды қолданылу мерзімі - 2055 жыл.
"Астанагенплан" ЖШС директорының орынбасары Серік Әбдірахманов жаңа Бас жоспардың басты міндеті – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және жаяу жүргіншілер аймақтарына назар аудару екенін атап өтті.
– Семей қаласы өзінің тарихи дамуының бірнеше кезеңінен өтті. Дегенмен, қолданыстағы Бас жоспарды қайта өңдеу қажет. Жаңа бас жоспарда біз қауіпсіздік аймақтарын қарастырамыз. Құрылыс үшін ең қолайлы аумақтар: Жаңасемей, Суықбұлақ, Жарқын аудандары, сондай-ақ оң жағалаудағы қолданыстағы құрылыс белгіленген. Жалпы жаңа Бас жоспардың міндеті бұрынғы бас жоспарға өзгерістер енгізе отырып құрылысты дамыту. Бұл ретте, облыс орталығының мәртебесін ескере отырып, жаңа жобалық ұсыныстар әзірленді, - деп хабарлады спикер.
Сонымен қатар, Серік Әбдірахманов Ұлттық статистика бюросының болжамдары мен деректеріне сәйкес 2040 жылға қарай Семей халқының саны 385 мың адамды құрайтынын атап өтті.
- Бас жоспарда мынадай жобалау кезеңдері қабылданды: жаңа бас жоспарды жобалаудың бастапқы жылы 2023 жылғы 1 қаңтар, құрылыстың бірінші кезегі – 2030 жылға дейін, бас жоспардың есептік қолданылу мерзімі – 2040 жыл, болжамды мерзімі – 2055 жылға дейін. Бас жоспарға сәйкес, Семей халқының болжамды саны 2040 жылға қарай 385 мың адамды құрайды,қазіргі саны 308 мың. Тұрғын үй қорының көлемі екі есеге жуық, 11 млн м2-ге дейін ұлғаяды. Өнеркәсіп аймағының ауданы 2,6 мың гектарды құрайды, - деп атап өтті Серік Әбдірахманов.
Сондай – ақ, спикер бұзу аймағынан саяжай массивтері-Мұрат, Бобровка, сондай-ақ Шығыс, сол және оң жақтары алынып тасталғанын айтты.
- Жоба бойынша барлық күрделі тұрғын үй қоры, жасыл желектер, абаттандырылған көшелер, инженерлік желілер сақталады. Жоба қаланың кезең-кезеңімен аумақтық дамуын, бос аумақтарды барынша пайдалануды көздейді. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын әзірлеуді ескере отырып, қала солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс бағытта дамиды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша 2040 жылға дейін Восточный, Бобровка және Мұрат кенттерін сүру жұмыстары жүргізілмейді. Олар саяжай массивтері ретінде сақталады, бірақ әлеуметтік нысандарды салу жұмыстары жалғасады, - деп қорытындылады Серік Әбдірахманов.
Демографиялық есептеулерді ескере отырып, 2040 жылға дейін Семейде 22 жаңа мектеп, 58 жаңа балабақша және 12 емхана салу қажет. Сондай-ақ, облыстық көпбейінді аурухана, облыстық қан орталығының құрылысы, перинаталдық орталық пен басқа да денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту жоспарлануда. Бас жоспарды талқылау барысында қала тұрғындарында салынып жатқан Оқушылар сарайына қатысты мәселе туындады. Көпфункцианалды оқушылар сарайы қаланың сол жағалауындағы айналма жолында бой көтеруде. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов бұл мәселе пысықталғанын атап өтті.
- Жаңа Оқушылар сарайының мәселесі бойынша, біз көптеген факторларды ескергенімізді атап өткім келеді. Сол жағалауда әлеуметтік нысандар жеткіліксіз, сондықтан сол аумақ таңдалып алынды. Біз айналма жолдар арқылы өтетін екі өткелдің, үлкен тұрақ кеңістігінің жобасын әзірледік, сондай - ақ темір жол өтетін жерде арнайы белгі қойылады, - деп атап өтті Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.