Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Абай облысында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

2-03-2023, 19:01 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында 2023 жылғы су тасқынына қарсы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою мақсатында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Бүгін республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші күні өткізілді.

Оқу-жаттығудың бірінші күні облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ТЖД бастығының орынбасары Сұлтан Ахметовпен бірге, Семей қаласының елді мекендерінде жүргізіліп жатқан практикалық жұмыстардың барысын тексерді. Оқу-жаттығу барысында Ертіс өзенінде профилактикалық жарылыс жұмыстары, Бейбітшілік аралында жағалауды нығайту жұмыстары, бұталар мен қамысты кесу, су бұру арналары мен арықтарды тазарту, сондай-ақ халықты уақытша орналастыру пунктінің тексеруі жүргізілді.

Мұзды ұсақтау алаңы 9340 м2 құрады, 520 кг жарылғыш заттар қолданылды.

Сурет: Екатерина Гуляева

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив