Семей қаласының әкімі бірқатар кент тұрғындарымен кездесті
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Бобровка, Мурат, Западный, Нахаловка, Степной кенттерінің тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындар қоғамдық көліктің жүру кестесіне, ҚТҚ шығару, аялдамаларды орнату, тұрғын үй кезегі және т.б сұрақтарымен жүгінді.
Қала басшысы өз кезігінде қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, 2024 жылы жүргізілетін жұмыс жоспарын баяндады.
«Бобровка кентіндегі Центральная көшесіне асфальт жасау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жақын уақытта Береговая, Бірінші переулок көшелерімен Бобровка саяжайының басты жолдарынаасфальт төсеу, Созидательная көшесінің бойына тротуарларды орнату жұмыстары басталады. Сондай-ақ, осы ауданның 4 шақырым жолынақиыршық тас себілген жолдарды грейдерлеубойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған. Бұдан басқа, жалпы ауданы 75 мың текше метр болатын квартал ішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу, сондай-ақ 27 000 текше метрден асатын жаяу жүргіншілердің жолын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, № 44 және 46 мектептердіңжанында жасанды жол кедергілері қойылады. Бобровка және Мұрат саяжай массивтарының тұрғындарының өтініші бойынша үш жерде жолбелгілері орнатылды. Айта кететін тағы бір жайт, қазіргі таңда қала ішінде автобус аялдамаларын ауыстару, жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шілде айында Степной кентінде 4 дана аялдама павельондарын орнату жұмыстары жоспарланған»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.
Тағыда оқыңыз