Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Бескарағай ауданында шағын футбол алаңы ашылды

9-07-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Астана күнін мерекелеу аясында Бесқарағай ауданы Кіші-Владимировка ауылында жаңа шағын футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Жас спортшыларға арнайы құрал-жабдықтар берілді. Бұл олардың спорттық дағдыларын дамытуға қосымша ынталандыру болары сөзсіз.

Шара аясында шағын футболдан турнир өтіп, онда облыстың жас футболшылары өз шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жақын арада Канонерка ауылдық округінде жаңа футбол алаңының құрылысы аяқталады. Ашылуы 20 шілдеге жоспарланған.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша 11 елді мекенде медициналық пункт құрылысы жалғасуда.

Бүгінгі таңда ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені, дайындық залы, футбол және жаттығу алаңдары бар 35 спорт нысан жұмыс істейді. Бассейннің құрылысы 2024 жылы басталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив