Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Семей қаласының әкімі Орал көшесінің тұрғындарымен кездесті

15-07-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі кезекті мәрте жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Докучаев 34б, Баздырев 33 , 410кв 9 мекенжайларында аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Биыл 50-ге жуық ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда аулаларды абаттандыру жұмыстары басым бөлігінде басталды. Алайда Баздырева 33 мекенжайында темір гараждар аулаларды салу жұмыстарына кедергі келтіруде. Тұрғындардан гараждарды өз еркімен алуды сұраймыз. Оның орнына баларыңызға әдемі ойын алаңқайы мен футбол алаңы жабдықталатын болады.

Сонымен қатар, әкім Уральская 9 мекенжайының тұрғындарымен кездесті. Бұл мекенжайда жатаханалар орналасқан. Қала әкімі биыл аталған мекенжайда ағаштарды қырқу, қоқыс алаңдарын жабдықтау, аулалардың жолын асфальттау жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ биыл Уральская көшесін грейдерлеу жұмыстары жүргізілетіндігін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив