Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Жоламан кентінің тұрғындарымен кездесті

24-07-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Жоламан кентіндегі барак типті үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әкім тұрғындардың өмір сүру жағдайлары мен олардың мәселелері туралы тыңдады.

Қазіргі уақытта тұрғындар тұрып жатқан үйлер ғасырдан асып, қауіпті жағдайда тұрғандықтан, олар үйлердің сүрілу мәселесін көтерді. Нұрбол Нұрсағатов азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту қалалық әкімшіліктің басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша әкім тұрғын үй қатынастары бөліміне апатты үйлерді сүру бойынша жоспарын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив