Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды

12-08-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жасаған жұмыс сапарының аясында бірнеше нысандарды аралап, бүгінгі жағдайымен танысты. Аймақ басшысы «Қарауыл-Архат» бағытындағы 10 шақырым кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мердігер – «Дерикар» ЖШС. Жұмысты 2024 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласының ашылу салтанатына қатысты. Стелланы жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиев жасаған. Стелладағы алтын қыран Құнанбайдың мінезін, қайраткерлігін танытады. Сонымен қатар, стелла өлкеміздің байлығын, осында туып-өскен тұлғаларының ұлылығын білдіреді.

Айта кетейік, стелла «Нұр Астық Kz» ЖШС демеушілігімен тұрғызылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив