Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
460.13 532.6 5.42

Биыл облыста 5 жаңа мектеп ашылмақ

19-08-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәлімдеді.


- Семей қаласында «KAZ Minerals Demeu» корпоративтік қорының қолдауымен жаңа құрылыс ауданындағы мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бүгінде жұмыс барысы 96%-ға орындалды және осы ауданның балаларын оқу жылынан бастап мектепке қабылдай бастайды, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы Семей қаласының Водный кенті, Қарағайлы шағын ауданы, Аягөз және Ақсуат  аудандарында мектептер құрылысын аяқтау жоспарлануда.


- Қарағайлы шағын ауданында 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүруде. Оқу жылының екінші тоқсанында оқушылар жаңа мектепке бара алады деп жоспарлап отырмыз, - деп толықтырды Нұржан Ахметқалиев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив