Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Кандидат Нұржан Бахаевтың сенім өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

8-03-2023, 10:24 018.kz

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Нұржан Бахаевтың сенім білдірілген адамдары №2 сайлау округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. 

Кандидаттың жақтастары аудан тұрғындарын оның сайлауалды бағдарламасымен таныстырады.

Ол депутат болған жағдайда қала көшелерін абаттандыруды, көгалдандыруды және жарықтандыруды, сондай-ақ жолдарды жөндеуді, спорттық демалыс құрылыстарын салуды бақылауды жоспарлап отыр. 

Сонымен қатар, Нұржан Бахаев қолжетімді кредиттер беру, ипотекалық жүйені дамыту және жеке үй құрылысы үшін учаскелер беру арқылы тұрғын үй саясаты мәселелерін одан әрі жетілдіру маңызды деп санайды. 

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив