Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде 62 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

26-09-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады. Ең алдымен Нұрбол Нұрсағатов жолдарды орташа жөндеу жұмыстарымен танысты.

Семей қаласында ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 36 шақырымды құрайтын 40 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 25 көшеде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда қалған 7 көшеде асфальттау жұмыстары белсенді жүргізілуде: Нұршайықов, Чехов, Засядко, Культурная, Узбекская, Павлодарская және Бобровка кентінің басты көшесі бар. Қала басшысы мердігерге жұмыстың баяу жүріп жатқандығына ескерту жасап, жұмыстарды бекітілген графикте аяқтауды тапсырды.

Әкім аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын да қадағалады. Ағымдағы жылы Семей қаласында 62 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 16 аула бюджетті үнемдеуден қалған қаржы есебінен «LLC Asia» ЖШС мердігер болып танылды. 32 ауланы «Стронг Сервис» ЖШС абаттандыруда, ал қалған 14 аула Халық қатысатын бюджет бағдарламасы арқылы жүзеге асуда. Қазіргі таңда аулалардың басым бөлігінде жұмыстар толықтай аяқталды, тұрғындарға қолданысқа беріліп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив