Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
484.19 524.28 5.03

Абай ауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

26-09-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданы 65 және 85 шаршы метр болатын екі пәтерлі бір қабатты 35 тұрғын үй салынуда. Жаңа тұрғын үйлер Саржал, Қасқабұлақ, Кеңгірбай би, Қарауыл, Медеу, Көкбай, Құндызды, Архат ауылдық округтері мен Орда елді мекенінде бой көтеруде.

Құрылыстың аяқталуы қазан айына жоспарланған. Республика күніне орай Қарауылда 20 пәтер, Кеңгірбай би ауылында 8 пәтер, ал Медеу ауылында 4 пәтердің кілті салтанатты түрде табысталмақ. Баспаналар тұрғын үй заңнамасына сәйкес кезекпен беріледі.

Ауданда тұрғын үй құрылысынан бөлек жолдар да жөнделуде. Қарауыл-Архат жолының 8 шақырымына жаңа асфальт төселді. Бұл аудандық маңызы бар жолдың бір бөлігі.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында үш ауылдық округте 3,73 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары аяқталды. Олардың қатарында Қасқабұлақ ауылындағы Достық, Көкбай ауылындағы Мырза батыр және Қарауыл ауылындағы Тоқтамыс, Мамай көшелері бар.

Сондай-ақ Қарауылда Арбат алаңының құрылысы және Тоқтамыс ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс сапасы мен мерзімін назарға ала отырып, жедел түрде жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив