Көкпектіде «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асуда
Көкпекті ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша ағымдағы жылы 10 топ оқытылды. Жоба аясында Көкпекті, Преображенка, Үлкенбөкен, Теректі, Үлгілімалшы, Көкжайық ауылдарында қаржылық сауаттылық оқулары өтті. Оқуға 578 адам қатысып, сертификат алып шықты.
Бүгінгі күні «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқулар Тассай ауылынан басталды. Қаржылық сауаттылық сабақтары басталмас бұрын шараға аудан әкімінің орынбасары Суйесинов Мақсат Сайлауғазыұлы келіп қатысып, ауыл тұрғындарын оқудың басталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылғы Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталып, ақпарат берді. Өз кезегінде «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы Шарипов Қанат Оханұлына аудан басшылығына жобаны жүзеге асыруға аудандағы ұйымдастыру шараларын жүргізудегі бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.