Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Көкпекті ауданының әкімі Үлкенбөкен, Ақой және Қарамой ауылдарының шаруа қожалық жұмыстарымен танысты

12-09-2024, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданының әкімі Әділет Қожанбаев ауылшаруашылық құрылымдарының жұмысымен танысу мақсатында Үлкенбөкен, Қарамойыл және Ақой ауылдарында барды. 

Үлкенбөкен ауылында «Табиғат» шаруа қожалығының басшысы Баймолдин Қайрат Қапезұлы кездесіп, шаруа қожалық жұмысымен танысып, қожалықтың жоспарларын талқылады.

Қарамойыл ауылында аудан әкімі  ауданымыздағы ірі шаруа қожалықтарының бірі «Талап» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалық басшысы Жұмабек Құрмашұлы шаруа қожалық жұмысын жақсарту, жаңа технологияларды пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, егін жинау науқаны бойынша ақпарат берді.

Ақой ауылында Әділет Нұрсағатұлы «Рустам» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалық басшысы Индира Серікбекқызы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, қазіргі кезең егін жинау науқаны болғандықтан, алынып жатқан өнімды көрсетіп, жалпы биылғы жылғы егін жинау науқаны бойынша ақпарат берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив