Жасыл алаңда Көкпектіліктер жасындай жарқырады
Ақсуат ауданы Ойшілік ауылында өткен шағын футбол жарысында Көкпекті құрамасы жеңімпаз атанды. Ойшілік ауылының мектеп түлектері ұйымдастырған жарысқа барлығы 8 құрама қатысты.
Аудан намысын абыроймен қорғаған жеңімпаз құрама қатарында Омарғазин Ернұр, Каусов Мырзакелді, Жұманов Қуаныш, Дауылбеков Мирас, Ибрагимов Адам, Жанарбекұлы Ниет, Әлімгазиев Ерғали, Кобейов Еркебұлан тамаша ойын өрнегін көрсетті.
Осы жарыста ерекше ойын үлгісімен және жеке шеберлігімен көзге түскен Ернұр Омарғазин құраманың соңғы жетістіктері мен жоспарлары туралы айтып берді.
- Біздің құрама негізінен Көкпекті ауданындағы дене шынықтыру пәнінің ұстаздарынан құралған. Былтырғы жылы Өскемен қаласының әуесқой футбол лигасына қатысып, жеңіске жеттік. Биылғы жылы әуесқой футболшылар арасында Абай облысының Кубогына қатысып шеберлігімізді шындадық. Алдағы уақытта Семей футбол лигасының қысқы маусымына қатысуды жоспарлап отырмыз. Құрамаға жомарт жүрек кәсіпкер Кенжебаев Қайрат ағамыз үнемі демеушілік көмек көрсетіп келеді. Наурыз айында Өскемен қаласында өткен республикалық турнирге алғаш рет қатысып, мол тәжірибе жинадық. Көкпекті аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі қолдау білдірді, - дейді футболшы.
Жеңімпаз футболшылар кубок, медаль және қыржылай сыйлықтармен марапатталды.
Тағыда оқыңыз