Көкпектіде шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары жүргізілуде
Көкпекті ауданы бойынша 2024 жылы табын (итальян) шегірткелермен жайылымдардың зақымдануын, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінің жойылуын, сондай-ақ көрші іргелес аумақтарына қоныс аударуын болғызбау үшін алдын алу іс шаралары туралы.
2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша аса қауіпті табын (итальян) шегірткесіне қарсы барлық зерттеулер жоспары - 86,6 мың га, оның ішінде жоспарға сәйкес химиялық өңделуге жататын мемлекеттік жер қорларының көлемі 16,52 мың га. 14.06.2024 жылға аудан бойынша нақты тексерілгені 13,76 мың га, өңделуге жататын жерлер көлемі 8,36 мың га, атап айтатын болсақ К.Аухадиев атындағы ауылдық округіне қарасты мемлекеттік жер қорларында 0,72 га, Үлкен-Бөкен округі бойынша 0,2 га, Көкпекті округі бойынша 0,2 га, Көкжайық округі бойынша 2,0 мың га, Үлгілімалшы округі бойынша 1,80 га, Теректі округі бойынша 2,6 мың га, Биғаш округі бойынша 0,2 га, Шұғылбай округі бойынша 2,1 мың га, Тассай округі бойынша 0,74 мың га.
Бүгінгі күнге жер үсті бүріккіштері күшімен нақты өңделген жерлер көлемі 3,36 мың га. Ұшақпен өнделгені 7,2 мың га. Барлығы: 10,56 га жер өңделді.
Ағымдағы жылы аса қауіпті зиянкестердің таралуы көп болуына байланысты жоғарыда көрсетілген 16,52 мың га жердің 12,72 мың га жерлері Карат Супер 100, к.э. 0,0625 л/га препараты авиациялық жолмен, ал 3,8 мың га жерлер Эсперо к.с 0,08 л/га препаратымен жер үсті бүріккіштері арқылы химиялық өңдеу жүмыстары республикалық қаражат есебінен жүргізілуі жоспарланды. 14.06.2024 жылы «Дэльта Эйр» ЖШС ұшағы келіп, Аухадиев, Теректі, Шұғылбай, Үлгілімалшы ауылдық округтеріне орналастырылды. Авияцияның және жер үсті бүріккіштерінің тоқтаусыз жұмыс жүргізуіне ауа райының нақты жауан шашын, қатты жел тұру фактірлері кедергі келтіреді. Аудан бойынша фитосанитарлық ахуал бір қалыпты. Жоспарға сәкес химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.