Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Жарма ауданында баспана кілттері табысталды

4-10-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінде баспана кезегінде тұрған отбасыларға екі бөлмелі жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Қоныстанушыларды аудан әкімі Нұрлан Борсукбаев құттықтады. Мерекелік шараны аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламамен жалғастырды.

Ауданда тұрғын үй құрылысы бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп, нысандар белгіленген мерзімде пайдалануға берілуде. Биыл 24 пәтер көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне табысталды.

Анықтама үшін: бүгінгі таңда аудан бойынша 599 адам баспана кезегінде тұр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив