Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
516.77 542.87 5.33

Көкпекті ауданында тұрғын үй кілттері табыс етілді

24-10-2024, 10:35 018.kz

2024 жылы Көкпекті ауданында кезекте тұрған аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында меморандум шарты бойынша бір пәтердің ауданы 85 ш.м., үйдің  құны 17 млн. теңгені құрайтын 50 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Көкпекті ауылында - 5 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде мердігер: ИП Маутканов Арнур - 4 екі пәтерлі үй Телевышка және Абай көшелерінде , мердігер «Насылжан» ЖШС - 1 екі пәтерлі үй Абай көшесінде. 

Үлкенбөкен ауылында - 10 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Оспан-Айдын» ЖШС Үлкенбөкен ауылының Сатпаев, Достық және Новостройка көшелерінде құрылыс жүргізуде. 

Үлгілімалшы ауылында - 4 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Мердігер «KTB-Kurylys» ЖШС Үлгілімалшы ауылының Сейфуллин және Ырыс көшелерінде құрылыс жүргізуде. 

Шұғылбай ауылында - 3 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Мердігер «KTB-Kurylys» ЖШС Шұғылбай ауылының Әуезов көшесінде құрылыс жүргізуде. 

Теректі ауылында - 2 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Насылжан» ЖШС Теректі ауылының Бөгенбай Батыр  көшесінде құрылыс жүргізуде. 

Шәріптоғай ауылында - 1 екі пәтерлі үй құрылысы жүргізілуде. Мердігер «Насылжан» ЖШС Шәріптоғай ауылының Орталық  көшесінде құрылыс жүргізуде. 

Республика күніне орай 24 қазан күні  аудан орталығы Көкпекті ауылында 4 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өткізілді. Кілттерді табыстау рәсіміне аудан әкімі - Әділет Қожанбаев қатысып, баспаналы болған тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.

«Жолдасым екеуіміз көп жылдар бойы жалдамалы пәтерде тұрдық. Осы уақыт бойы пәтер кезегінде тұрдым. Міне, осы жылдар бойы арманымызға қол жетіп жатыр. Баршаңызда осындай жақсы жаңалықтар көп болсын. Қоныс құтты болсын. Қазір бізге 3 бөлмелі пәтер беріп жатыр», - деді көпбалалы ана Динара Төлеуғалиқызы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив