Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Республика күні Үржар ауданында спорт модулі ашылды

25-10-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында спорт модулі ашылды. Ангар үлгісіндегі модульде ойын және күрес түрлерінен жарыс өткізуге  болады. Бір мезетте 28 адамның спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар.

Модульдің ашылуына аудан әкімі Ақылбек Башимбаев, аудандық мәслихат төрағасы, мекемелер басшылары, ақсақалдар, танымал спортшылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

«Ауылымыз әлеуметтік-экономикалық даму жолында. Мемлекеттік бағдарламаның аясында осы модуль ашылып отыр. Жаңа нысанның Республика күні ашылғанын жақсылыққа балап отырмыз. Болашақта ауылымыздан аға ұрпақтың ізін басар танымал спортшылар шығатынына сенімдіміз», - дейді Таскескен ауылының әкімі Айдын Қожаев.

Жаңа модульде дзюдо, грек-рим күресі, футбол секцияларын ашу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив