Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Семей қаласының теміржол вокзалында жүлдегерді қарсы алды

14-11-2024, 14:59 018.kz

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі бөлімше командирі сержант Дүйсембеков Бақытжан әлемдік жауынгерлік самбодан жүлделі 2 орынға табан тіреді. Жүлдегерді қарсы алу үшін теміржол бекетіне жақындары, әріптестері, достары, басшылығы жиналды. 

Әлемдік чемпионат Астана қаласының Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен болатын. 80 кг дейіңгі салмақта сайысқа шыққан Бақытжан ширек финал алдындағы төрт кездесуін айқын басымдылықпен аяқтап, финалды украин балуанына дес беріп, күміс медальді еншілеген. 

- Қарсыластар мықты дайындалған, алдағы уақытта жаттығуларды қайтадан бастап, жүлделі 1 орынды қанжығама байлауға ниеттемін. Барша мені жылы қарсы алып, құттықтап келген көпшілікке ризамын, алғысым шексіз, - деді сержант Бақытжан Дүйсембеков.

Бақытжан Дүйсенбеков Семей қаласы, Водный кентінің тумасы, әскер қатарында жүріп, әлемдік додада Абай облысының тарихында із қалдырып, жүлделі орын иеленгені үшін жақындары аты-жөні жазылған арнайы шапанды сыйға тартты. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив