Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысы студенттері республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынамақ

15-11-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2024» IX республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 555 студент қатысады.

Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.

Бес күндік сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы аттанды.

Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII республикалық чемпионатында Абай облысының командасы командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, 12 медальон жеңіп алып, көш бастаған болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив